Абдрахимов Қарсыбек

    Автор эссе

    Алия Абдрахимова

    Место работы

    Шыгысэнерготрейд

Соғыс салған жараның емі бар ма...

Герой истории: Абдрахимов Қарсыбек

Соғыс салған жараның емі бар ма...
Қарсаңында мерейлі Жеңіс тойдың,
Бейбіт өмірге елімдегі шүкір дейміз.
Мазалайтын “ әттеген-ай” ойымды -
Мереке бұл, шаттығы мен мұңы егіз:
Қан кешіп, ұйқысыз қарсы алып таңды,
Елге қайтпай сан боздақ шетте қалды.
Күңіренткен мыңдағанның жанұясын,
Емін таппай, жара қалды тіліп жанды.
Көп мұңдардың бірі еді-ау менің анам,
Ағасының табылуын армандаған.
Қырық жыл үміттенген көңіл-кептер
Еңіреп, өлең жазды-ау дәптер-дәптер...

Сұм соғыстың зардабы тимеген жан, шайқалмаған шаңырақ жоқ шығар. Бір үйдің тірегін жұлып әкетті, екінші отбасының жас талын тамырынан ажыратты-ау. Сондай қасіреттің куәсі менің анам еді. Ағасы Инаятолданың сүйікті жылқысын еңбек армиясына көлік ретінде әкеткенде, небары 16 жастағы ағасы, “атымнан жаным аяулы емес”, деп, соғысқа өзі сұранып кете барған екен. Украинадан жалғыз хат келеді. Хатта “шайқасқа енгелі тұрмыз, жанымда өзбектер бар”, деп, жазылған.Қыршын жас хабарсыз кетті. Аңырап анасы, бір көруді аңсап қарындас қалды... Анам 59 жылдық қысқа ғұмырында хабарсыз кеткен ағасын аңсап, хабарын тосып, туған жері – Шірік қайыңын, қыршынынан қиылған ағасын сағынып, көздері жастан солса да, дәптер-дәптер өлең жазып өтті-ау. Жанары жастан, жаны қайғыдан өшіп бара жатқан анамыздың бұл күйін көріп, балалықпен, Кеңес одақтық журналдарға жазбай, өзіміздің “Қазақстан әйелдері” журналына нағашымызды іздеп, хат жазатын едік.Анам өмірден өткенше фотосурет орнына ағасының шынысы қалың, алқызыл гүлді жасыл кесесін қолымызға ұстатпай сақтап келді...

Сол бір сұрапыл жылдары Ішкі істер халық комиссариатының қызметкері болып тылда қалтырылған әкем Абдрахимов Қарсыбек те жаны жаншылғандардың бірі еді-ау. Коммунистік партияның бағдарынан тая алмаған әкем шекарада Қытай жеріне қашпақшы болған дезертирді атып өлтіреді. Осы әрекетін біреулер қолдаса, екіншілер жағасын ұстаған екен. Руханият пен саясат күресінде таңдау жасау қиын болғанын түсіну оңай емес. Тән жарасы болмаса да, әкеме жан жарасы ащы тигені анық. Бірақ, оны бізге сездірген емес. Өмірден озғанша коммунист болып өткен әкем қанша лауазым иесі болса да, ешкімнің ала жібін аттамай, адалдыққа үйретіп кетіп еді...

Осы бір эссе жолдары тағдыры сынаққа ілінген ата-анамды сағынғаннан жазы-луда. Еліміздің шығысындағы Зайсан өңірінде соғыстан қайтқан солдаттардан бүгінде тек 11іқалыпты-ау. Отаны үшін өмірін қиған аталарымыздың ұрпағын өсіріп, қайта отау құрмаған жесірлерінен тірісі - төртеу-ақ екен. “Несіне жетісесің, бала батыр, қариялар азайып бара жатыр, бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп кезегін жағада тұр...”Он жасынан тамаққа жарымай, бидайдың масағын теріп же-ген соғыс балалары үлкендермен тең еңбек етті-ау. “Жұмыстан кеш қайтып, ша-шымды жуып үлгіріп, кептіргенше, таң атып қоюшы еді”, - дейтін анам, соғысты еске ала отырып.

Ардагерлер санаулы-ақ қалыпты, кетті көбі қиып мынау жарықты.

Он жасынан тылға еңбек еткендер бүгіндері әжеміз ақ жаулықты.

Жаңғырығы бәсеңдемеген нәубетті сол кезде ұлты мен пиғылы жат шапқын-шылар көрсетсе, қазір көрші елдердеөз қандасына көрсетуде. Ондайдың бетін бізден аулақ етсін дейміз, жемтікке таласқан жануарға тән әрекеттері жанымызды ауыртпай да қоймайды. Кінәсіз халық жалған саясаттың құрбандығына шалынуда. Ұмытпайық соғыстың ащы дәмін, ойлайық болашақтың біздер қамын.

Құрметте адамды, барды ет қанағат, әлемді шарпыған жетпесін алапат!

Авторы: Абдрахимова Алия Карысбековна.
Жұмыс орны: “Шығысэнерготрейд” ЖШСі Оңтүстік бөлімшесі Зайсан учаскесінің технигі.
Осы саладағы (энергетика) еңбек өтілі – 18 жыл.
Эссе кейіпкерлері: Үңгірбаев Инаятолда, 1927жылы туылған, Армияға 1942-1943 жылдары өзі сұранып кеткен.
Абдрахимов Қарсыбек, 1908 жылы туылған, ІІХК (НКВД) қызметкері болған. Фотосуреті бар.

Please publish modules in offcanvas position.