Талғат Слямбеков

    Автор эссе

    Фурхад Слямбеков

Талғат Слямбеков

Герой истории: Талғат Слямбеков

Талғат Слямбеков
Туған күні: қыркүйек 1925 ж
Қайтыс болған күні:маусым 1995 ж
Әскерге шақырылғаны: қараша 1942 ж
Әскерден қайтқаны:1948 ж
Марапаттаулары:
1. Орден «Отечественный войны» II степени.
2.Медаль «За отвагу».
3.Медаль «За боевие заслуги»
4.Медаль «За победу Советских Армии».
5.Медаль «За победу над Японией».
6. Медаль «За осваение Целины».
7. Медаль «60 лет Воруженных сил ССР»
8.Орден «Отечественный войны» II степени.
9. Медаль «Вереран труда»».
10.Медаль «20 лет Великой отечественной войны».
11. Медаль «30 лет Великой отечественной войны».
12. Медаль «40 лет Великой отечественной войны».
13.Медаль «30 лет Советской Армии и флота».
14.Медаль «50 лет победы».
15. Медаль «70 лет Воруженных сил СССР».

Менің әкем Талғат Слямбеков 1925 жылы Архат ауылында дүниеге келген. 1934-38 жылдары Жананұр бастауыш мектебін 4 клас бітіреді. 22/VI 1941 жылы отан соғысы басталғанда соғысқа кеткен үлкендердің орынына егін салып, шөп шауып шаруашылыққа араласады. 1938-1942 жылдары Абай орта мектебінде оқиды. 1942 жылы қараша айында немістер Ленинградты қоршауға алып Сталинградтың көшелерінде Масква маңында қатты ұрыстар жүріп жатқан кезде 17 жасында 9-клас оқып жүрген кезінде өз еркімен армяға аттанады. Сталинград шайқасынан кейін, Отанымыздың шығыс шекарасын нығайту мақсатында Манғол халық республикасындағы біздің әскер бөлімшесіне барады. Сол кезде Япон мелитаристері Манжурядан бізге қарсы милионнан астам солдаты бар мақтаулы Квантун армясын ұстап отырған еді.

Ұлы отан соғысы аяқталғанда (9/V-1945ж) біздің сол кездегі одақтасымыз АҚШ пен Япония арасында соғыс әлі жүріп жатқан еді.

Осы II дүниежүзілік соғысты мүлдем аяқтап бітіру мақсатында Совет үкіметі, Японияға қарсы 9/VIII -1945 жылы соғыс жариялап ашты. Осы соғыста Қытайдың үлкен Хинган тау асуларынан асып Японияның мақтаулы Квантун армиясын талқандап оның штабы орналасқан Чангунды алуға қатысты. Сөйтіп II- дүниежүзілік соғысты 2/IX -1945 жылы Қытайдың Чангун қаласында аяқтады.

Осы соғыста Хинган тауының асуларында мықтап бекінген Япон Самурайлары біздің алғы шептің ілгері жылжуына бөгет жасап оқ боратқан атыс точкасын жоюға бұйрық алады. Тақап барып, танкге қарсы ататын қарумен істен шығарып бөлімшенің ілгері жылжуын қамтамасыз еткені үшін «Ерлігі үшін (За отвагу)» медальімен марапатталады. Одан басқада 9-медальмен «Отан соғысының II дәрежелі орденімен награтталады».

Соғыстан кейін 42 жыл Совет шаруашылық мекемелерінде жұмыс істеп еңбек демалысына шықты. 9-бала өсіріп тәрбиеледі. Қазір 22 немере 17 шөбере осіп келеді.

Менің әкем Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын, бүкіл дүние жүзіне жариялап, оның жабылуына елеулі үлес қосты. Зардап шеккен халыққа ақшалай өтем ақы әперу және бұл салада сіңірген еңбегіне аудан жұртшылығы алғыс білдірген.

Осы бір қажырлы еңбегінің арқасында, бірдің емес, көптің бірі рулы елдің емес, бүкіл халықтың жоғын жоқтап, ел атынан сөз сөйлеген бүкіл облыс көлеміне танымал қадірменді ақсақал атанды. Ақсақалдар алқасының төрағасы болды.

Тағы бір өте қызықты жай сол 1945 жыл Ханган тауынын асуларында Япон әскерлерімен қарсы соғысқан адаммен 1990 жылы 24-27 мамырда Алматы қаласында «Бүкіл дүние жүзі сайлаушыларының конгресіне қатысып сөз сөйлегенде. Сол япондық 70 жастағы адаммен кездесіп екеуі кезінде қарсы соғысса енді әлемде ядролық қару жоюға бірге күресіп жүр екен.

Слямбеков Фурхад
Абай АЭЖ басшысы :
Аймақ Абай Аймағы
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ
Еңбек өтілімі: 34 жыл

Please publish modules in offcanvas position.