Қалменова Нуржамал

    Автор эссе

    Адема Кальменова

    Место работы

    Актобе ТЭЦ

Бұл қиыншылыққа толы жылдар болатын...

Герой истории: Қалменова Нуржамал

Қалменова Нуржамал
10.05.1927 жылы

Қалменова Нұржамал (Искарова) (10.05.1927 жылғы) Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Казанка ауылында дүниеге келген. 1936 жылы 9 жасқа келгенде Казанка ауылының орта мектебінің 1-класына барған.

Қалменова Нұржамал небары 1,5 жыл оқыған соң ауылдық кеңес шешімімен мектеп жабылып, барлық балалар жұмысқа жіберілгенін есіне алады. Балалар өгіз арбамен жүк тасып еңбек еткен.

Қалменова Нұржамал Совет-фин, артынан Ұлы Отан соғысының барлық зардабын көрді. Соғыс басталғанда ол 14 жастағы бүлдіршін еді. Отбасындағы екі баланың бірі – ағасы Искаров Жаулы соғысқа аттанды.

Халық таң атысымен күн батысына дейін далада қолмен егін орды. Бұл ұмытылмас та қиыншылыққа толы жылдар болатын. Тамаққа жарымайтын. Егін орағынан далада қалып қойған бидайды жинап, дәнінен быламық жасайтын, ал барлық жиналған егін майданға жіберілетін. Кешкетұрым әйелдер мен жас қыздар жылы киім тоқып, майданға жіберетін. Колхоздың малы үшін шөп тасып, зығырдан жіп есіп, сабын қайнатып, «орыс» пештерін қалайтын. Осындай ауыртпалық жылдары өткен өмір мектебінде алған тәжірибесі соғыс аяқталған соң бейбіт өмірде өз қолдарымен пеш салып, үй салғанда көмегін тигізді.

Үлкен тебіреніспен ол қиыншылық кезіндегі өзіне көмектескен адамдарды, әсіресе көрші-көлемді, есіне алады. Соғыстың соңғы жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар өте қиын болды.

Соғыстан кейінгі жылдары Қалменова Нұржамал колхоздан бірнеше мәрте жақсы еңбегі үшін мақтау қағаздары мен кейде мата түрінде, кейде торай түрінде сыйақы алып тұрды. Әсіресе мата өте бағалы еді, себебі сол жылдары мата таптырмайтын.

Қалменова Нұржамалдың негізгі еңбек қызметі Ақтөбе облысы Жаңа қоныс ауылдық округының Құрашасай ауылында өтті. Ал ресми тіркелген еңбек өтілі 1953 жылдан Ақтөбе республикалық шахта басқармасының «Казтоппром» тресінде «үйуші» мамандығынан басталды.

Балалар пайда болып, басқа мекенжайға көшуіне байланысты әртүрлі жылдары Октябрьск (Қандығаш стансасы) қаласының әртүрлі теміржол кәсіпорындарында жұмысшы мамандықтары бойынша еңбек етті.

Сонан соң Құрашасай ауылына қайтып келіп, сол жерде кіші қызы дүниеге келеді. Сол жылдары көмір қабаттары жас болып табылып, шахта жабылып қалады. Құрашасай ауылында Ақтөбе облыстық психауруханасы ашылады. Сөйтіп, 1972 жыл мен 1986 жыл аралығында сонда кіші мейірбике, санитарка қызметтерін атқарады. Сол жерден зейнеткерлік демалысқа шықты.

Бірақ өмір бойы жұмысқа үйреніп қалған үйде отыра алмай Қалменова Нұржамал 1988 жыл мен 1992 жылы, аралығында Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бөлімінің арнаулы қоймаларында күзетші болып жұмыс істеді. Жұмысы үшін Мақтау қағазымен, алғыс хаттармен, сыйақылар мен сыйлықтармен бірнеше дүркін марапатталды.

Қалменова Нұржамалдың наградалары:
«1 дәрежелі Ана» медалі (1975 жыл)
«Еңбек ардагері» медалі (1981 жыл)
«1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 50-жыл» медалі (1995 жыл)
«1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 60 жыл» медалі (2005 жыл)
«1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 65 жыл» медалі (2010 жыл)
«1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңіске 70 жыл» медалі (2015 жыл)

Қалменова Нұржамалдың 5 баласы (2 ұл және 3 қызы), 11 немересі, 8 шөбересі және 4 шөпшегі бар. Қазіргі таңда ол кіші қызы мен күйеу баласымен және немересімен Ақтөбе облысы Жаңа қоныс ауылдық округының Құрашасай ауылында өмір сүріп жатыр.

Авторы: Қалменова Әдемі Бәпішқызы
Жұмыс орны: «Ақтөбе ЖЭО» АҚ
Лауазымы: Еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметінің инженері
Саладағы жұмыс өтілі: 28 жыл

Please publish modules in offcanvas position.