Байғазинов Көркемқажы (1901-1992 жж.)

Азильханов Мұратқан (1923жылы дүниеге келген) мен Азильханов Болатхан (1924 жылы дүниеге келген)

Төлеутай апамның жас кезі

Ақатаева Төлеутай Көркемғажыкызы

Менің атам мен әжемнің 1941-1945 жылдар арасындағы өмірі

Герой истории: Байғазинов Көркемғажы, Азильханов Балашқан, Азильханов Мұратқан, Ақатаева Төлеутай Көркемғажыкызы

(«АлЭС» АҚ ПДжИБ қызметкері Ақатаева Жанардың әжесінің соғыс жылдарындағы бастан кешкен өмірінен үзінді)

Әр адамның тағдырын сипаттайтын жеті нотасы болады. Дүниенің ирелен –бұраландардан тұратын жолымен өтеді.

Мен Ақатаева Төлеутай Көркемғажыкызы 1936 жылы дүниеге келдім. 1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталып кетті. Әкем Байғазинов Көркемғажы 1941жылы соғыска алынды.

«Әкемнің аты Көркемғажы,
Байғазы үлкен әкем әділ қазы.
Отанды қорғау мақсатымен немістермен соғысқан қысы жазы.
Бұл кезде жүрген жок шешем күліп,
Еңбеке араласқан белді буып,
Жеңісті жақындату мақсатында,
Өгізбен малотилка айдап жүріп.
Көз көрген қариялар бар, зар заманды,
Қу соғыс қайғы әкелген сол заманды,
Жылында аталатын Жеңіс күні
Ойына түсіреді сол заманды»,- демекші соғыс жайлы оқиғаларды әрбір адам көзіне жас алмай елестете алмайтыны хақ. Әкемнің інісі Азильханов Балашқан, Муратқандарда соғысқа алынған. Олар соғыстан оралмады.

Жар сүйіп, жар сүйіп қызығын көре алмаған,
Мүмкін боп артына ұрпақ ере алмаған
Өмірге әкелген анасында жаназалап,
Жер қойнауына бере алмаған.
Қайран ағаларым...

Азильханов Мұратқан 1923 жылы туылған. Әскерге 1942 жылы 27 мамырда Ұржар ауданынан атты әскерге алынды. Атақты 81- атқыштар дивизияның 58- барлаушы ротасында атты әскер барлаушысы болып жауынгерлік міндетін атқарды. Ақыргы хаты Польшадан келген еді. Хатында: «Апа, біз женңеңміз! Аз қалды! Ұшып жетем саған, күт апа!»,- деп келген әр оқыған сайын жанымды түршіктірер жүрегінен шыққан сөздері жазылған еді.

Сталинград майданынан бастап 112-Башкир атты әскеріне косылады. Ростов облысы Ворошиловград, Красодан азат еткен соң, Гвардейский 16,112 атты әскер дивизиясы болды. Осы 16 атты әскерде Қазақстан, Орта Азия азаматтары болды, черниговская атағын алды. 16 атты әскер барлаушылары 14 қаңтардан 3 ақпанға дейн ондаған қалаларды азат етеді. 4000 км жүріп Вест-Депу и Хорст арқылы Балтық тенізіне шығып Штургерт каласын корғайды. Он бес рет Жоғары Командования ерекше жетістіктері үшін төрт мың әскер ордендері медалімен марапатталды. 77 Совет Одағының батыры атанады.

35691 әскери бөлім 2 ақпан 1945 Рейгендор қаласы Рожавсгов ауданында Германия жерінде жерленген Азильханов Мұратқан. Тыл майданында тек үлкендер ғана еңбек еткен жоқ, жас балалардан бастап еңкейген кәріге дейн өз шамаларынан тыс ауыр жұмысты күні- түні демей, майдан үшін аса қыйык жұмыстарды атқардық. Менің әжем шебер тігінші еді. Бізге болса жүн түткізіп, өзі фуфайка тігетін. Қолғап, нәски тоқып майданға салатын. Жаз айларында мұғалім бізді егіс даласына апаратын Әжеміз болса, ұлды, қызды балаларын бас-көз болып біздерге бір уыс жүгері, бар болса бір кесе көк сүт беретін еді. Шешеміз 250 км жерден обоз таситын элеваторға жұмалап жүріп келетін.

Көз көрген сол бейнетті біз баламыз
Жеңісті егістікте қарсы алғанбыз.
Еске алып ардагерді атап өту
Кейнгі ұрпақтарға із боламыз.
Баянсыз өтіп жатқан мына жалған
Әр жүректің арман қалған
70-жыл өткен болсадағы
Тарихта өшпестей боп ізі қалған.
Сөз жаздым әдей арнап 70 жылға
Соғыстың қайғы әкелген мұңын тында
Әрине біз баламыз сол кездегі
Халықтың сол кездегі зарын тыңда
Ақсақалды құмалақ салған бабалар
Ақ жаулықты жаутақтаған Аналар
Көңілдерін құмалақпен жұбатып
Түн ұйқысын дөңбекшумен таң атар
70 жыл өмір елімізде
Репрессия тоқтап жерімізде
Қазір біз егеменді Қазақстан
Қосылды Отанымыз теңімізге
Бейбітшілік болсын тұрақты
Күніміз болсын шуақты
Болдырма Алла соғысты
Талай ананы жылатты
Соғыс қырғын болмасын
Алламыз өзі қолдасын
Несібе ырыздық коп болып
Аямасын Алла олжасын
Еліңе қорған бол
Жеріңе арман бол
Ұрпағым өсіп көктесін
Жастарға берген батам сол!

Ақатаева Жанар,
АО «АлЭС», секретарь
стаж работы 1 год

Please publish modules in offcanvas position.